«Мұсылман бауырлар»диалог өткізуді ұсынды

Фотография - «Мұсылман бауырлар»диалог өткізуді ұсынды

Египетте «Мұсылман бауырлар» қозғалысы елдегі сасяи дағдарысты шешу үшін Еуропа одағының араағайындық жасауымен келіссөздер өткізу туралы жоба ұсынғанын мәлімдеді.

192 0

Египетте «Мұсылман бауырлар» қозғалысы елдегі сасяи дағдарысты шешу үшін Еуропа одағының араағайындық жасауымен келіссөздер өткізу туралы жоба ұсынғанын мәлімдеді. Мұхаммед Мурси биліктен шеттетілгеннен бері оны қолдайтын исламшыл қозғалыс алғаш рет ресми ұсыныс жасап отыр.

Қозғалыс мүшесі Гехад әл-Хаддадтың Reuters агенттігіне айтуынша, олар өз ұсынысын Еуропа одағының арнайы өкілі Бернардио Леонға жеткізген. Диалог өткізуге бағытталған бұл бастама әзірге бастапқы деңгейде әзірленіп жатқанын айтқан Хаддад Мурсиді бұрынғы қызметіне қайтару туралы «Мұсылман бауырлар» қозғалысының талабын қайталаған.

Бейсенбі күні Египеттің уақытша президенті Адли Мансур осы қызметке келгелі алғаш рет халыққа айтқан сөзінде елде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, «қоғамда бейберекеттік туғызатындарға» қарсы күресетінін мәлімдеген. Мансурдың сөзінен соң «Мұсылман бауырлары» қозғалысы» Мұхаммед Мурсиді бұрынғы қызметіне қайтаруды талап етіп жұма күні жаппай наразылық шеруін өткізуге шақырды.

Осы аптада Египеттің уақытша үкіметінің ант беру рәсімі өткен еді - деп хабарлады azattyq.org


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!