ҚР-ЕО ынтымақтастығы кеңесінің Брюссельдегі отырысы

Фотография - ҚР-ЕО ынтымақтастығы кеңесінің Брюссельдегі отырысы

 24-шілдеде Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығы кеңесінің 13-отырысы өтеді.

169 0

 24-шілдеде Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығы кеңесінің 13-отырысы өтеді.

Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев бастап барады. Еуропалық делегацияны Литваның Сыртқы істер министрі Линас Линкявичус басқарады.

Аталған отырыс аясында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланады.

Атап айтқанда, тараптар ҚР-ЕО ынтымақтастығының бірқатар басым тақырыптарын талқылайды, оның ішінде саяси үнқатысу тетіктерін нығайту, ҚР-ЕО кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы жаңа Келісім бойынша келіссөздер үрдісі, ЕО-тың ОА-ғы стратегиясын жүзеге асырудың өзекті аспектілері, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, азаматтық авиация, сондай-ақ ғылым, инновация және жаңа технологиялар саласындағы өзера әрекеттестікті жақсарту мәселелері бар.

ЕО Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады, оның үлесіне ҚР экономикасының сыртқы сауда айналымының шамамен $53 миллиарды мен жинақталған шетелдік капиталының 47% жатады.

1993-2013 жылдар ішінде Қазақстан экономикасына ЕО елдерінен енген тікелей инвестиция ағыны барлық тартылған 170 млрд. АҚШ долларының 80 млрд. АҚШ долларынан астам сомасын құрадым - деп хабарлады  baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!