Навальный мен Офицеров бостандыққа шықты

Фотография - Навальный мен Офицеров бостандыққа шықты

Бүгін Ресейдің Киров облыстық соты прокуратураның апелляциялық шағымын қанағаттандырып, Алексей Навальный мен Петр Офицеровты қамаудан босату туралы шешім шығарды. Сот залына жиналғандар сот шешіміне ду қол шапалақтады

173 0


Бүгін Ресейдің Киров облыстық соты прокуратураның апелляциялық шағымын қанағаттандырып, Алексей Навальный мен Петр Офицеровты қамаудан босату туралы шешім шығарды. Сот залына жиналғандар сот шешіміне ду қол шапалақтады.

Навальный мен Офицеров сот залынан бостандыққа шықты.

Бейсенбі күні Киров қаласының Ленин аудандық соты «Кировлес ісі» бойынша айыпты деп танып, Алексей Навальныйды 5 жылға, Петр Офицеровты - 4 жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарған еді. Тергеу орындары таққан айыпты мойындамаған екеуі де сот залында қамауға алынған.

Сол күні Мәскеу және өзге қалаларда сот үкіміне наразылық акциялары өтті. Ресей астанасында Манеж алаңына жиналғандар «Путин – ұры!» деп ұрандады. Полиция ондаған адамды ұстап әкетті. Наразылық акциялары басталған кезде прокуратура Навальный мен Офицеровты апелляциялық шағым қарау мерзімі аяқталғанша тұтқынға алу заңға қайшы деп, сотқа шағым түсіретіні хабарланды.

Ресейде президент Владимир Путиннің саясатын сынап, жоғары биліктегі жемқорлықты әшкерелейтін істерімен танылған 37 жастағы Алексей Навальный қылмыстық істі «саяси тапсырма» деп санайды - деп хабарлады azattyq.org


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!