Әйелімен әзілдесемін деп, жүрегін жара жаздады

Фотография - Әйелімен әзілдесемін деп, жүрегін жара жаздады

Джеймс Уильямс атты АҚШ тұрғыны әйелімен әзілдесемін деп, жүрегін жара жаздады. «Қоңырау» фильмін көріп алған ғой есалаң

196 0

Джеймс Уильямс атты АҚШ тұрғыны әйелімен әзілдесемін деп, жүрегін жара жаздады. «Қоңырау» фильмін көріп алған ғой есалаң.

Жігіттің айтуынша, ол әйелін мазақ ету үшін бірнеше апта бойы дайындалған. «Маған 2002 жылы режиссер Гор Вербински түсірген жапонның «Қоңырау» фильмі өте ұнайды. Фильмдегі кейіпкерлер қорқынышты кадрлар түсірілген бейнепленкаларды көргеннен кейін және белгісіз адам соққан телефоннан кейін көп өтпей өледі. Фильмдегі оқиға желісі қатты қызықтырды мені. Фильмдегі Самара есімді қыз теледидардан шыға келгенде әйелім қандай күйге түсері маған қызық көрінді», - дейді күйеуі.

Ол қуыршақты қолдан жасап, шатырға жасырып қояды. Әйелі теледидардың алдына жайғасып жатып, ұйықтаған сәтті бір апта бойы күтеді. Ақыры ойға алғанын іске асырып тынады.

Әйелі ұйқыға кеткенде теледидардан шыққан қуыршақ әйелдің үстінен төніп келеді. Ұйқылы-ояу халде не болғанын түсінбеген әйел, жан ұшыра айқайлай бастайды.

«Әйелімнің шарасыз күйге түскенін көргенімде жаным ашып, әзілді тоқтатайын деп шештім. Жасырынған орнымнан шығып, әйелімді бауырыма бастым», - дейді есалаң.

Орынсыз әзілден жүрегі жарыла жаздаған әйел ұзақ уақыт есін жинай алмаған. Ерінің осыншама тапқырлығына таңданған әйел масқара болғанын мойындап, күйеуін кешіре салған көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!