Түмен қазақтарының кезекті құрылтай өтті

Фотография - Түмен қазақтарының кезекті құрылтай өтті

Көршілес Ресей елін мекендеп жатқан ағайындарымыз жыл сайын кездесіп тұруды дәстүрге айналдырған. Жуырда олар Түмен облысындағы Абат ауданында бас қосты

252 0

Көршілес Ресей елін мекендеп жатқан ағайындарымыз жыл сайын кездесіп тұруды дәстүрге айналдырған. Жуырда олар Түмен облысындағы Абат ауданында бас қосты,- деп хабарлайды baq.kz

 

Мұнда халықаралық «Құрылтай-2013» шарасы ұйымдастырылды. Шүйгін шөбі белуардан келетін айнадай жарқыраған көлдің жағасында өткен дүбірлі тойға жиналған қауымның қарасы қалың болды. Олардың арасынан Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары өкілдерін де кездестірдік,-деп хабарлайды Солтүстік Қазақстаннан барып шараға қатысып қайтқан Асылбек Амандықұлы. Сахнаға түмендіктермен қатар Қызылжар өңірінен барған өнерпаздар да көтеріліп, өз өнерлерін ортаға салды.

Мерекелік бағдарлама мың бұралған «Қамажай» биімен басталды. Туған жердің абыройын асқақтататын «Атамекен», «Туған жер», «Қазақтай ел қайда», «Қазақ осы» сияқты әндер тамылжыта шырқалғанда қошемет көрсетпеген жан қалмады. Мамлют аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Омаров өз сөзінде Ресей мен Қазақстан ынтымағы жарасқан көрші мемлекеттер екендігін атап өтті. Ол түмендік қандастарымызға еліміздің тарихы жазылған «Қазақстан» кітабын табыс етті. Құрылтай атжарыс, арқан тарту, қазақ күресі, ұлттық киімдер сайысы, асық ойнау, ең әдемі киіз үй, халықаралық тағамдар секілді ұлттық ойындар мен тағылымды шаралармен жалғасты.

- Бұл мерекені қандастарымыз асыға күтеді. Қазақстаннан арнайы делегациялар қатысып, мерейіміз бір көтеріліп қалады. Жақын тұрсақ та, атамекеннің орны бөлек. Құрылтайды өткізу әр аудандарға жүктелген, - дейді Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ыбыраев. Мереке соңында түрлі сайыстар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғыс хаттар тапсырылды. Келесі құрылтай Сорокин ауданында өткізілетін болды.

 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!