Қытай елінің осымен екінші тұрғыны IPhone құрбанына айналды

Фотография - Қытай елінің осымен екінші тұрғыны IPhone құрбанына айналды

Iphone-4-ті қуат көзіне қоспақ болған Қытай астанасының 30 жастағы тұрғынын тоқ соғып, салдарынан комаға түсті. Осы айда мұндай жағдай екінші рет тіркеліп отыр

137 0

Iphone-4-ті қуат көзіне қоспақ болған Қытай астанасының 30 жастағы тұрғынын тоқ соғып, салдарынан комаға түсті. Осы айда мұндай жағдай екінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлады ҚазАқпарат

Бейжің қаласының тұрғыны У Цзяотун қазір ауруханада жатыр, дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп бағалауда. Оның әпкесінің айтуынша, інісі телефонға қуаттау құрылғысын қоспақ болған кезде еденге сұлқ түскен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жігітті ажал аузынан алып қалды.

Қытайлық журналистер анықтағандай, оның қолданған қуаттау құрылғысы түпнұсқа болмай шыққан. Қытайдағы Apple компаниясының өкілдері бұл жағдайға байланысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

Бұған дейін қытайлық БАҚ хабарлағандай, өткен аптада Шыңжаңның 23 жасар тұрғыны әуе жол серігі Ма Айлунь қуаттау сымына қосылып тұрған телефон қоңырауына жауап бермек болып, сол жерде жан тапсырған. Оқиға орын алған кезде Apple компаниясы қаза болған қыздың туғандарына көңіл айтып, алдағы уақытта осы жағдайға байланысты істің-мән-жайын анықтау үшін зерттеу жүргіземіз деп уәде берсе керек.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!