Мәскеуде әлемдегі ең қымбат жер телімі сатылып жатыр

Фотография - Мәскеуде әлемдегі ең қымбат жер телімі сатылып жатыр

Мәскеудің дәулеттілері өмір сүретін "Рублевка" ауданында әлемдегі ең қымбат жер телімі сатылып жатыр. Мұнда қазір жердің бір сотығы 8,1 миллион долларды құрайды

290 0

Мәскеудің дәулеттілері өмір сүретін "Рублевка" ауданында әлемдегі ең қымбат жер телімі сатылып жатыр. Мұнда қазір жердің бір сотығы 8,1 миллион долларды құрайды.

"Жер телімі Рублево-Успенский тас жолының бойында орналасқан, МКАД жолынан 9 шақырым қашықтықта" деп хабарлайды Knight Frank компаниясы. Жер телімінің аумағы 355 сотық, бағасы - 88,75 миллион АҚШ доллары. Яғни, әрбір сотығы 250 мың доллар.

Алып-сатарлардың айтуынша, аталған нысан "Майендорф бақшалары" деп аталатын коттедждер қалашығында орналасыпты. Бұл шағын елдімекенде президент ісі басқармасының зәулім сарайы да бар.

Сонымен қатар, "Рублевканың" осы аймағында әлемде сирек кездесетін ағаш түрлері отырғызылған. Сатылып жатқан жер телімін мамандар бірнешеге бөліп, қалашық салуға болады дейді. 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!