Египетте негізгі заңға өзгерістер әзірлеуге кіріседі

Фотография - Египетте негізгі заңға өзгерістер әзірлеуге кіріседі

Египетте ел конституциясына өзгерістер әзірлейтін комитет жексенбіден бастап жұмысқа кісперік

133 0

Египетте ел конституциясына өзгерістер әзірлейтін комитет жексенбіден бастап жұмысқа кісперік.

Шілденің 20-сы күні уақытша президенті Адли Мансурдың шешімімен құрылған комитеттің жұмыс тобында 10 заңгер - төрт профессор мен алты судья бар. Комитетке өз ұсыныстарын әзірлеуге бір ай уақыт беріледі. Олар дайындап ұсынған жобаны кеңейтілген құрамдағы құқықтық комиссия екі айдың ішінде қарап, жетілдірген соң жобаның түпкілікті нұсқасы бойынша бүкілхалықтық референдум өткізілетін болады.

Египетте бұған дейін исламшыл билік тұсында әзірленіп, қабылданған конституцияның күші биыл шілденің 3-і күні Мұхаммед Мурси президент қызметінен шеттетілген соң тоқтатылған. Ол конституцияны оппозиция мен құқық қорғаушылар ел азаматтарының бір бөлігінің құқығын шектейді деп сынаған еді.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!