АҚШ атом өнеркәсібінің жүрегі - ірі қала банкротқа ұшырады

Фотография - АҚШ атом өнеркәсібінің жүрегі - ірі қала банкротқа ұшырады

Осы аптада АҚШ-тың ірі қаласының банкротқа ұшырау тарихы одан әрі өрістеді. Сенбі күні Мичиган штатының Детройт өкіметі федералдық сотқа қаланы банкрот деп жариялау туралы өтініш берді

301 0

Осы аптада АҚШ-тың ірі қаласының банкротқа ұшырау тарихы одан әрі өрістеді. Сенбі күні Мичиган штатының Детройт өкіметі федералдық сотқа қаланы банкрот деп жариялау туралы өтініш берді.

Автомобиль индустриясының бесігі болып саналатын қалаға қатысты банкроттық рәсімдерін жүргізу қажеттігі жөніндегі әңгімелер бұдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Оған тіпті 1970-1980 жылдарда басталған қаланың экономикалық құлдырауы себеп болды.

ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарында қалада 1,7 млн. адам тұрды. Детройтта АҚШ-тың барлық ірі автоалпауыттарының штаб-пәтерлері мен зауыттары орналасқан еді. Алайда жаһандық көшбасшылыққа ұмтылған автоалпауыттар өздерінің өндірістерін басқа аймақтарға - негізінен Мексикаға, Қытайға және Тайваньға көшіре бастады, кейбір өндірушілер жапондық және еуропалық автомобильдермен бәсекелестікке шыдай алмай мүлдем жабылды.

Қалақұраушы саланың қысқаруы бұл қаланың дамуына нүкте қойды. Моноқала дәрежесінде қалған Детройт құбылып отырған нарықтық жағдайларға бейімделе алмады және бюджет құрайтын кірістердің жаңа көздерін құруға шамасы келмеді. Бүгінде қала 18,5 млрд. доллар болатын өзінің несие берушілерінің қарыздық міндеттемелерін өтей алмай отыр, ал қала бюджетінің жеткіліксіздігі 380 млн. долларға жетті.

Қазір қала қалқы 700 мың адамға жуық. Жұмыссыздық деңгейі 15 пайыз. 60 мың үй қаңырап бос тұр, тұрғындардың 36 пайызы кедейшілік шегіне жеткен. Көшелердің жарықтануы орталық даңғылдарда ғана іске қосылған, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құлдырап барады. Қалада АҚШ-тағы ең жоғары қылмыстық көрсеткіштер белең алған.

Қала 100 заңды және жеке тұлғаға қарыздар болып отыр. Олар муниципалдық қызметкерлер және зейнеткерлер, коммерциялық кәсіпорындар, облигация ұстаушылар, бизнес-қарыз берушілер, сондай-ақ сақтандыру компаниялары. Олардың ең ірісі - зейнетақы қорлары (өкімет оған екі млрд. долларға жуық берешек), сондай-ақ полицейлер мен өрт сөндіру департаменттері (қарыз біржарым млрд. доллар). Маусым айында Детройт зейнетақыға, әлеуметтік пакеттерге және инфрақұрылымдарға қызмет көрсетуге төлемдер бойынша міндеттемелерін орындау үшін сыртқы қарыздар бойынша төлемдерді тоқтатты.

Арнайы тағайындалған қаланың дағдарыстық басқарушысы Кевин Орр Детройттың несиешілерімен түбегейлі қайта құрылымдау және берешектерді қысқарту жөнінде уағдаласуға тырысты, бірақ та мәмілеге келе алмады.

Банкроттық бастамашысы, Мичиган штатының губернаторы Рик Снайдер қарыз бершектерімен келіссөздер нәтиже бермегеннен кейін мұндай шешім бірден бір дұрыс бағыт екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, АҚШ үкіметінің кезекті аздаған қаржылық көмегі жағдайды түзете алмайды. Ерте ме, кеш пе, бәрібір банкроттықты жүзеге асыруға тура келеді, ол бәрін жаңадан бастауға мүмкіндік береді, деп атап өтті американдық губернатор.

Банкроттыққа қарсы шыққан кәсіподақ пен зейнетақы қорлары Мичиган штатының сотына төлемге қабілетсіздік туралы өтінішті кері қайтарып алу жөнінде жүгінді. Сот бұл талапты қолдап, Детройт билігі өзінің бастамасын кері қайтарып алуы тиіс, өйткені ол штат конституциясына қайшы келеді деген қаулы шығарды. Дегенмен, сарапшылар бұл рәсім бәрібір өткізіледі деп санайды, өйткені жергілікті соттың шешімі АҚШ-тың банкроттық жөніндегі арнайы федералдық сотының қарауындағы муниципалдық білімнің банкроттығы мәселесіне жүрмейді.

Тұтастай алғанда, қаланың банкроттығы АҚШ-тың муниципалдық басқару тәжірибесіндегі қандай да бір жаңа нәрсе емес. 2012 жылы федералдық сот сол кезде 1 млрд. доллар қарыз берешек болған 300 мың халқы бар Стоктон қаласын (Калифорния штаты) банкрот деп таныды. Мұндағы банкроттық себебі жылжымайтын мүлікке бағаның өсуіне болжам жасалып, жергілікті мемлекеттік қызметшілерге жоғары еңбекақы және зейнетақы төленуінен болды. Бірақ та 2008 жылы АҚШ-та бұл нарық ауқымды күйреуге ұшырады. Сондай-ақ Маммот Лойкс және Сан-Бернардино (2012 ж., Калифорния штаты), Хамтрамк, Флинт (2010 ж., Мичиган штаты) қалалары, Джефферсон округі (2011 ж., Алабама штаты) және басқа да халқы 50 мыңнан аспайтын елді мекендер банкротқа ұшыраған болатын.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!