34 жыл бойы жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған

Фотография - 34 жыл бойы жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған

Германияда 34 жыл бойына жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған азамат анықталды. Ол 55 жастағы ел тұрғыны. Жол сақшылары онымен кездейсоқ кездесіп қалыпты

213 0

Германияда 34 жыл бойына жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған азамат анықталды. Ол 55 жастағы ел тұрғыны. Жол сақшылары онымен кездейсоқ кездесіп қалыпты.

Осыдан бірнеше күн бұрын күдікті жол апатына себепші болып, оқиға орнынан қашып кеткен екен. Ізіне түскен полиция қызметкерлері бірнеше күн өткеннен кейін ғана оның мекен-жайын анықтап, үйіне келген. Әңгіме барысында ол тәртіп сақшыларына өзінің 1979 жылы жүргізуші куәлігінен айрылып, сол уақыттан бері көлікті құжатсыз айдап келгендігін мойындапты.

Германия елінің заңына сәйкес автомобильдің тізгініне жүргізуші куәлігінсіз отырған азаматтар бір жыл бойына бас бостандығынан айрылады немесе ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.


Тегтер:

Германия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!