Рим папасы Бразилияға сапарын бастайды

Фотография - Рим папасы Бразилияға сапарын бастайды

22 шілде күні Рим папасы Франциск Латын Америкасына алғашқы сапарын Бразилиядан бастағалы отыр

86 0

22 шілде күні Рим папасы Франциск Латын Америкасына алғашқы сапарын Бразилиядан бастағалы отыр.

Бразилия үкіметі папаның келуіне орай қауіпсіздіқ шараларын күшейткен. Папа бұл сапарында әлемнің әр түкпірінен жиналатын жас католиктердің жиынына қатысады деп жоспарланған.

Бұдан бірнеше апта бұрын осы елде 2014 жылы өтетін әлемдік футбол чемпионатына бюджет қаржысын жұмсауға, коррупция мен әлеуметтік теңсіздікке қарсы жаппай наразылық шерулері өткен еді.

Биыл көктемде папа ХVІ Бенедикт отставкаға кеткен соң Ватикан тарихында тұңғыш рет Латын Америкасының өкілі – Аргентиналық кардинал 76 жастағы Хорхе Бергольо Рим папасы болып сайланған еді. Рим католик шіркеуі басшылығына иезуиттерден шыққан алғашқы папа өзіне Франциск деген ат таңдап алған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!