Қытайда әлемдегі ең биік ғимараттың құрылысы басталды

Фотография - Қытайда әлемдегі ең биік ғимараттың құрылысы басталды

 Қытайдың Хунань правинциясында көк тіреген Sky City ғимаратының құрылысы басталды, салынып біткен соң ол әлемдегі ең биік ғимаратқа айналуы тиіс, деп жазады The Telegraph басылымы.

345 0

 Қытайдың Хунань правинциясында көк тіреген Sky City ғимаратының құрылысы басталды, салынып біткен соң ол әлемдегі ең биік ғимаратқа айналуы тиіс, деп жазады The Telegraph басылымы.

Жоспарға сай, Чанша қаласындағы 208 қабатты мұнараның биіктігі 838 метрге теңелмек. Онда кеңселер, үйжайлар, қонақ үй, сауда орталықтары, мектеп, аурухана, дүкен, мейрамхана мен спортзалдар топтастырылмақ. Бір ғимарат ішіндегі толықтай бір әлемнің девелопері Broad Group компаниясы болып табылады.

1,05 миллион шаршы метрді алып жатқан нысанның құрылысы 2014 жылдың сәуірінде аяқталады деп жоспарлануда. Оған құйылған инвестиция көлемі шамамен 850 миллионов долларды құрайды.

Қазіргі уақытта әлемдегі ең биік ғимарат Дубайдағы «Бурдж Халифа» (828 метр) екені белгілі. Алайда алдағы бірнеше жылға осы белестен асарлық бірқатар көкпен таласқан мұнаралардың құрылысы жоспарланып қойған. Sky City-ден бөлек, олардың қатарында биіктігі 1 километрден кем түспейтін Сауд Арабиясындағы Kingdom Tower, «Әзірбайжан мұнарасы» (1050 метр) мен Кувейттегі «Жібек қала» (1001) мұнаралары бар.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!