Ұлыбритания ханшайымының толғағы басталды

Фотография - Ұлыбритания ханшайымының толғағы басталды

Ұлыбритания «тақымын қысып отыр». Кембридж герцогинясының толғағы басталып, перзентханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде оны бірнеше басылымның тілшілері көріп үлгерген

210 0

Ұлыбритания «тақымын қысып отыр». Кембридж герцогинясының толғағы басталып, перзентханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде оны бірнеше басылымның тілшілері көріп үлгерген, дейді РБК Sky телеарнасына сілтеме көрсете отырып.

«Range Rover-тегі ауруханаға оны күйеуі - Кембридж герцогі Уильям алып кірді. Оларды онда патшайым гинекологы Маркус Сетчелл бастаған атақты дәрігерлер қарсы алды», - деп атап көрсетілген хабарламада.

Патшайым сарайынан осы жаңалыққа қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Сондай-ақ ханшайымның денсаулығына қатысты алыпқашпа әңгімелер жайында да түсініктеме берілмеді. Бұған дейін Кембридж герцогинясы осыдан бір апта бұрын босануы керек деген ақпарат тараған еді.

Ханшайым қыз туады деп болжануда. Болашақ нәрестенің жынысы мемлекеттік құпия есептеледі, алайда ол жайында Кейт Миддлтон сұхбат беріп жатқан кезінде байқауысызда өзі айтып қалды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!