Қырғыз парламентіне тиесілі көлікте депутаттың ұлы көз жұмды

Фотография - Қырғыз парламентіне тиесілі көлікте депутаттың ұлы көз жұмды

Елдің ІІМ таратқан ақпаратқа сүйенсек, қарсы бағытқа шығып кетіп жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік Қырғыз парламенті іс басқармасының гаражына тиесілі мүлік екен

157 0

Елдің ІІМ таратқан ақпаратқа сүйенсек, қарсы бағытқа шығып кетіп жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік Қырғыз парламенті іс басқармасының гаражына тиесілі мүлік екен. 

Биік таулы аймақта орналасқан Бішкек – Ош тас жолының бойында орын алған жол көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапқан. Оның бірі – Қырғыз парламентінің депутаты Надира Нарматованың ұлы, – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, жол апаты елдің Тоқтағұл ауданында болған. Қырғыз парламенті іс басқармасының гаражына тиесілі автокөлікті депутаттың 28 жасар ұлы Мейірімбек Нуридинов тізгіндепті. Оқиға орнында бір адам тіл тартпай кетсе, үш жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілген. Ал ол жерде ауыр жарақаттанған 22 жастағы бойжеткен де дәрігерлер қолында көз жұмған. Қалған 2 науқас аса ауыр жағдайда жатқандығы айтылуда.

"Осы оқиғаға байланысты «Жол қозғалысы ережесі мен көлікті пайдалану туралы» Заңның 281 бабына сай қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу, тексеру жұмыстары жүргізілуде» - деп хабарлайды ІІМ өкілдері.

Елдегі "АКИ-пресс" АА хабарлауынша, Нуридинов пен аман қалған бір бойжеткен жақында ғана үйлену тойларын өткізіп, саяхаттауға шыққан беттері екен.

Естеріңізге сала кетейік, бұл депутаттық көліктердің қатысуымен орын алып жатқан ЖКО-ның алғашқысы емес. Өткен жылдың желтоқсан айында парламент депутатының көмекшісі тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, 3 адам көз жұмып, 4 кісі түрлі дене жарақатын алған болатын. 2012 жылдың ақпан айында өзге бір депутаттың қызметтік көлігі екі адамды қағып кетіп, оның бірі мерт болған еді. Тіпті, жүргізуші сол кезде көлігімен қоса жасырынбақ болып әрекеттенгені әлі де болса ел есінде.


Тегтер:

қырғызстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!