Әйелдерге жалғыз дүкен аралауға тыйым салыныпты

Фотография - Әйелдерге жалғыз дүкен аралауға тыйым салыныпты

Пәкістан провинцияларының бірінде ораза кезінде еркектердің көңілін бұзбас үшін әйелдерге жалғыз дүкен аралауға тыйым салыныпты. Азық-түлік алу үшін дүкенге барған әйел заты жанына бір ер адамды ертіп жүруі тиіс

180 0

Пәкістан провинцияларының бірінде ораза кезінде еркектердің көңілін бұзбас үшін әйелдерге жалғыз дүкен аралауға тыйым салыныпты. Азық-түлік алу үшін дүкенге барған әйел заты жанына бір ер адамды ертіп жүруі тиіс. 

Пәкістандағы Хайбер-Пахтунва про­винциясына қарасты Карак ауданының діни қызметкерлері қасиетті Рамазан айында еркектерді әйел затына қарап, алаңдамауға шақырады. Көшеде жалғыз жүрген әйелді көрген еркектердің ойы бұзы­лып, зина жасауға итермелейді деп есептейді екен жергілікті діни басшылық. Осы мақсатта әйелдердің еркексіз, жалғыз жүрулеріне тыйым салыпты. Дін бас­шыларының бұл бастамасын полиция да қолдаған.


Reuters агенттігінің ақпаратына қара­ғанда, салынған тыйымды бұзған әйелдер қамауға алынады, ал жалғызбасты әйелге тауар сатқан сатушыға айып төлеттіреді. Сауда жасаушылардың дені әйел қауымы болғандықтан, мұндай заңның кәсіп­кер­лерге ұнамағаны белгілі. Олар жиналып, бұл шешімге қарсы митинг жасамақшы болып жатқан көрінеді. Ал Қазақстанда оразаның қарсаңында мас адамдарға арақ сатуға тыйым салыну туралы сөз қозғалды. Егер аузынан арақ иісі шығып тұрған адам­ға сатушы спиртті ішімдікті беріп жіберетін болса, айыпқа тартылмақ. Сөй­тіп, пәкстан­дық әйелдер дүкенге ерлерін ертіп бара­тын болса, біздің азаматтар ішіп отырған арағы бітіп қалған жағдайда, арақ ішпеген көршісін дүкенге жетелейтін болды - деп хабарлады baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!