Қытайдағы зілзаладан қаза тапқандардың саны 89 адамға жетті

Фотография - Қытайдағы зілзаладан қаза тапқандардың саны 89 адамға жетті

Қытайдың солтүстік батысындағы Ганьсу провинциясындағы жер сілкінісінен 89 адам опат болды, 700-ден астамы жарақаттанды, 5-еуі ізім-ғайым жоғалып кетті

161 0

Қытайдың солтүстік батысындағы Ганьсу провинциясындағы жер сілкінісінен 89 адам опат болды, 700-ден астамы жарақаттанды, 5-еуі ізім-ғайым жоғалып кетті - деп хабарлады baq.kz

Оқиға орнынан шамамен 35 мың жергілікті тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жер асты дүмпулерінің салдарынан 17 мыңнан астам тұрғын үй қирады, зақым келген басқа құрылыстардың саны да сол шамалас. Апаттан тікелей келтірілген экономикалық залал көлемі 400 миллион АҚШ долларына жетті.

Дүйсенбі күні Бейжің уақытымен таңғы сағат 07.45-те Ганьсу провинциясының Динси қаласында қуаты 6,6 балдық жер сілкінісінен кейін 411-ден астам жер асты дүмпуі тіркелген.

Табиғи апаттың салдарын жою мақсатында 3 мыңдай тәртіп сақшысы, өрт сөндірушілер және еріктілер жұмылдырылған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қолғабыс ету үшін 400-ден астам сарбаз тартылды.

Жергілікті БАҚ-тың ақпарына қарағанда апаттан жапа шеккен аудандарда байланыс және электр қуаты қайта қалпына келтірілген. Алайда қолайсыз ауа райы іздестіру-құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп отыр.

Қазіргі таңда зілзаладан жапа шеккендердің саны нақтылануда.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!