Британ королдігіне мұрагер дүниеге келді

Фотография - Британ королдігіне мұрагер дүниеге келді

Британ ханзадасы Уильям мен оның жұбайы Кейт Мидлтонның отбасында тұңғыш бала дүниеге келді

120 0

Британ ханзадасы Уильям мен оның жұбайы Кейт Мидлтонның отбасында тұңғыш бала дүниеге келді.      

Кенсингтон сарайының хабарлауынша, шілденің 22-і күні Лондон уақытымен сағат 16:24-те туған ұл баланың салмағы 3.8 келі тартқан.

Жұбайы босанғанда ханзада Уильям қасында бірге болған. Қазір нәресте мен анасының халі жақсы деп хабарланды. Олар сейсенбіге дейін емханада болады.

Өмірге енді келген бұл сәби, британ королі отбасындағы дәстүрге сай, атасы Чарльз және әкесі Уильямнан кейін король тағына мұрагер үшінші адам болып саналады. Уэльс ханзадасы Чарльз өмірге алғашқы немересі келгеніне қуанышты екенін жеткізген - деп хабарлады azattyq.org

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон король отбасындағы қуанышты жаңалықты «ел өміріндегі қуанышты сәт» деп атады.

Тақ мұрагері Чарльз ханзада мен оның бұрынғы жары марқұм Диана ханшайымның екі ұлының үлкені Уильям ханзада 29 сәуір 2011 жылы Кэтрин Миддлтонға үйленген.


Тегтер:

британ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!