Рим папасының сапары тәртіпсіздіктерге ұласты

Фотография - Рим папасының сапары тәртіпсіздіктерге ұласты

«Дағдарыс кезінде қыруар қаражат жұмсалған сапардан не пайда?» деген наразылықпен бразилиялықтар елде ойран салуда

222 0

«Дағдарыс кезінде қыруар қаражат жұмсалған сапардан не пайда?» деген наразылықпен бразилиялықтар елде ойран салуда.

Рим папасының сапарына мемлекет қазынасынан 53 млн. АҚШ доллары жұмсалған. Осыған қарсылық білдірген бұқараны Рио-де-Жанейро полициясы баса алмады. Ашынған топ тәртіп сақшыларына жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді жаудырған. Құқық қорғаушылары өз кезегінде суатқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданды. Жанжалдан 1 полицей жарақат алып, 2 адам қамауға алынды. Айта кететіні, Рим папасы сапарының дүрбелеңге ұласуы әдетке айналып бара жатқандай. Бұған дейін понтифик діни рәсімін өткізбек болған шіркеуде жарылғыш зат табылған. Әскерилер оны дер кезінде залалсыздандырып үлгерген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!