Болгарияда парламентті қоршап алғандармен қақтығыс болды

Фотография - Болгарияда парламентті қоршап алғандармен қақтығыс болды

Болгариядағы қарсылық акциясы кезінде бірнеше адам жараланды. Шеруге шыққандар парламент ғимаратын қоршап алып, оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты.

321 0

Болгариядағы қарсылық акциясы кезінде бірнеше адам жараланды. Шеруге шыққандар парламент ғимаратын қоршап алып, оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты.

Олар «Мафия!», «Отставкаға!» деп ұрандап депутаттар мінген автобусты парламент ғимаратына өткізбей қойған. Салдарынан шеруге шыққан жеті адам, полиция жағынан екі адамның зардап шеккені хабарланды.

Еуропадағы ең кедей ел болып табылатын Болгарияда үкіметке қарсы акциялар қырық күннен бері жалғасып келеді. Күнде София көшелеріне мыңдағана адамдар шеруге шығып, социалистердің жаңа үкіметінің отставкаға кетуін талап етеді.

Шеруге шыққандар негізінен қауіпсіздік қызметі басшылығына медиа магнаттардың бірінің ұсынылғанына наразы болған. Олар мұны мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың өскені деп бағалайды. Осы тағайындау жөніндегі жарлық қайтарып алынғанымен, шеруге шығушылар жемқорлықты жойып, кедейлікпен күресте түбегейлі реформаларды талап етіп келеді.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!