Қытайда жер сілкініп, 360 мектеп қирады

Фотография - Қытайда жер сілкініп, 360 мектеп қирады

Қытайда 22 шілде күні жер сілкініп, 16 мың баланы оқытатын 360 мектеп қирады

208 0

Қытайда 22 шілде күні жер сілкініп, 16 мың баланы оқытатын 360 мектеп қирады, деп жазды baq.kz

Соңғы деректер бойынша, 94 адам қаз болып, 900-і жараланған. Табиғи апаттан 52 мыңға тарта ғимарат толық қираған, тағы 240-ы қатты бұзылған. Зардап шеккен аудандардан 227 мың адам қауіпсіз орынға көшірілді, 580 адам шарасыз күйге түскен.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша, дүйсенбі күні 07:45-те болған. Эпицентр Ганьсу провинциясында болған. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 20 шақырым тереңдікте. Жергілікті билік орындарының деректері бойынша, 6,6 балдық негізгі жер сілкінісінен кейін 370 афтершок болған. Жерасты дүмпуінен көптеген елді мекендер зиян шеккен. Құлаған ғимараттардың басым бөлігі Мейчуань және Пума қалаларында орналасқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!