Үндістанда 900 бала анемияға қарсы дәріден уланды

Фотография - Үндістанда 900 бала анемияға қарсы дәріден уланды

Үндістанның Харьяна штатындағы түрлі аудандарынан 879 оқушыға медециналық жәрдем қажет болды. Зрдап шеккендердің барлығы мемлекеттің анемияға қарсы бағдарламасының аясында фоли қышқылы бар дәрі қабылдаған.

195 0

Дәріні қабылдағаннан кейін балалардың іші ауырып, жүректері айнып, лоқсыған. Дәрігерлер оларға жәрдем көрсетті, алайда ауруханаға жатқызу қажет болмады.

Дәрігерлердің айтуынша оқушыларда байқалған улану белгілері фоли қышқылын пайдаланудың кері әсерімен сйкес келеді. Жалпы бағдарлама аясында 1,6 миллион балға дәрі таратылған болатын, уланғандар саны 900 болды.

Естеріңізге салсақ бұл Үндістандағы уланудың жалғыз оқиғасы емес, бірнеше күн бұрын мектептегі тегін астан кейін 23 оқушы қайтыс болған еді.

Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!