Царнаевтың ұсталғандағы суретін жариялаған полицей жазаланды

Фотография - Царнаевтың ұсталғандағы суретін жариялаған полицей жазаланды

Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

172 0

АҚШ-тың Массачусетс штатының полиция офицері Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті деп танылған Джохар Царнаевтың ұсталған кезіндегі суретін жариялағаны үшін қызметінен босатылды.

Полиция департамантінен хабарланғандай, сержант Шон Мерфи әкімшілік демалысқа жіберілген. Оның полициялық құралдары мен қарулары алынып, Мерфи басқа полицей бөліміне жіберілген.

Таяуда Rolling Stone журналында Царнаевтың жымиып тұрған сәті бейнеленген суреті жарияланған болатын. Мерфи осыған байланысты өзінің Царнаевтың өзге суреттерін жариялағанын айтқан.

Сол суреттерде Царнаевтың полиция ұстайтын кезде соққыға жығылып, қансыраған сәті түсірілген. Ресми тұлғалар Мерфидің бұл суреттерді жариялау құқығы болмағанын айтады.

Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!