Twitter-ге тіркелсең, күнәларың "кешіріледі"

Фотография - Twitter-ге тіркелсең, күнәларың "кешіріледі"

Ватиканда қызық шешім шығарылды. Рим папасының Twitter-іне кімде-кім жазылса, Ватикан соларға «индульгенция» (кешіру, рұқсат беру) болатынына сөз берді.

195 0

Ватиканда қызық шешім шығарылды. Рим папасының Twitter-іне кімде-кім жазылса, Ватикан соларға «индульгенция» (кешіру, рұқсат беру) болатынына сөз берді.

«The Guardian»-ның мәлімдеуінше Рим папасының твиттеріне жазылғандардың жасаған күнәлары кешіріліп, жеңілдіктер қарастырылады. Яғни, бұрынғыдай Рим папасымен кездеспей, ғаламтордың көмегімен кешірімін сұрайды.

Қайткенмен барлық жазылушыларға күнәдән арылуға мүмкіндік туа бермейді. Жазылушы күнәсінан айырылуы үшін бекітілген тапсырмаларды орындау тиіс. Негізінде жазылушылар тікелей эфирде 22 шілдеде Рио-де-Жанейро қаласында өтетін католик жастарының фестивалін бақылауы керек. Өйткені, Бразилия мемлекетіне көбісі бара алмағандықтан, радио, телеарна және twitter арқылы көрсетілім жүргізіледі.

Осылай адамдар шіркеу жұмыстарына қатысып, ғаламтор парақшасында шынайы өкініп, ат салыса алады. Қазіргі таңда Франциск папасының Twitter-іне 7 миллион адам тіркелген. Католиктік шіркеу заманауи әлеуметтік желілерге кіре бастады. Мысалы, оның «Facebook»-тағы ресми парақшасы бар. Шіркеу қызметшілері «Pinterest» атты әлеуметтік желіге қосылуды қарастырып отыр. Алдағы уақыттарда католиктердің компьютерлері өзінің жеке шіркеуіне айналатын көрінеді.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!