Сантьяго-де-Компостела қаласының маңында пойыз апатқа ұшырады

Фотография - Сантьяго-де-Компостела қаласының маңында пойыз апатқа ұшырады

Испанияның солтүстік-батысындағы теміржол апатының салдарынан шамамен 35 адам қаза тапса, 200-і жарақаттанды

134 0

Испанияның солтүстік-батысындағы теміржол апатының салдарынан шамамен 35 адам қаза тапса, 200-і жарақаттанды.

Бұған дейін 20 адамның опат болғаны хабарланған болатын.

Апат Сантьяго-де-Компостела қаласының маңында орын алған. Жергілікті БАҚ-тың ақпарына сүйенсек, болжам бойынша жолаушылар пойызы жолдың шұғыл бұрылысында рельстен шығып кеткен көрінеді. Жергілікті тұрғындар апатқа дейін жарылыстың болғанын естіген.

Барлық вагондар рельстерден шығып кеткен, соңғысы күл-талқан болған. Пойызда 240 жолаушы отырған. Апат орнында шұғыл қызмет мамандары жұмыс істеуде. Осы учаскеде пойыздар қозғалысына әзірге шектеу қойылды - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

Испания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!