ЕО мен ҚР арасындағы қатынастар сапалы жаңа деңгейге шығуда

Фотография - ЕО мен ҚР арасындағы қатынастар сапалы жаңа деңгейге шығуда

Сәрсенбі күні, 24 шілдеде Брюсссельде «Қазақстан-Еуроодақ» ынтымақтастығы кеңесінің 13-отырысы болды. Отырыста қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев басқарды. Еуропалық тарапқа ЕО Кеңесіне төрағалық етуші Литва сыртқы істер министрі Линас Линкявичус басшылық етті

167 0

Сәрсенбі күні, 24 шілдеде Брюсссельде «Қазақстан-Еуроодақ» ынтымақтастығы кеңесінің 13-отырысы болды. Отырыста қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев басқарды. Еуропалық тарапқа ЕО Кеңесіне төрағалық етуші Литва сыртқы істер министрі Линас Линкявичус басшылық етті.

Отырыс қорытындылары бойынша қазақстандық делегация басшысы атап өткендей, Еуроодақпен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту аясында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды, сондай-ақ өзекті халықаралық және аймақтық проблемалар бойынша егжей-тегжейлі пікір алысылды.

«Біз Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық пен кеңейтілген әріптестік туралы келісім жобасын талқыладық. Еуроодақ Қазақстан ұсынған осы келісімнің жаңа форматы бойынша ұстанымды қолдады. Ол неғұрлым жүйелі сипатта болады және құжаттың қағидаларын жақсарта түседі. Біз болашақта келісімді одан әрі нақтылау үшін тұғырнама ретінде пайдалана аламыз», - деді қазақстандық журналистерге Е.Орынбаев.

Оның айтуынша, ол жаңа келісімдер бойынша осы жылдың қазан айында Астанада өтетін алдағы келіссөздердің нәтижелеріне сеніммен қарайды, өйткені Брюссельде өткен Ынтымақтастық кеңесінің отырысы жемісті келіссөздерге жақсы іргетас қалады.

Е.Орынбаев Еурокомиссияныің төрағасы Жозе Мануэль Баррозудың осы жылғы маусымдағы елімізге алғашқы ресми сапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық және кеңейтілген әріптестік туралы жаңа келісімге таяу уақытта қол қоюдың маңызын айрықша атап көрсеткенін және ЕО Қазақстанның маңызды негізгі әріптесі екендігін атап өткенін еске алды. Сонымен бірге Еуроодақ та осы құжатқа қол қоюды шапшаңдатуды жақтайды.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары отырыста өзара мүдделі энергетика, азаматтық авиация, сауда, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және басқа да тақырыптар талқыланғанын атап өтті. «Бізде барлық бағыттар бойынша оң нәтижелер бар. Барлық мәселелер бойынша бізде ЕО-ның қолдауы мен түсіністігі бар, сондықтанда біз еуропалық әріптестерімізбен біздің сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды күшейте түсу үшін белсенді жұмыс істейміз», - деді Е.Орынбаев.

Өз кезегінде Литва сыртқы істер министрі Линас Линкявичус ЕО ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастық және кеңейтілген әріптестік туралы жаңа келісімді жасасу жөніндегі келіссөздерді одан әрі жүргізуге мүдделі екенін атап өтті. Сонымен бірге еуропалық тарап ЕО-ның Орталық Азия бойынша Стратегиясын жүзеге асырудың маңызын атап көрсетті, сондай-ақ ҚР-ның ЕО-ның Орталық Азиядағы аймақтық бастамаларына қатысуын құптады.

Ынтымақтастық кеңесі отырысының барысында сондай-ақ ЕО мен ҚР-ның саяси өзара іс-қимылы, заңдардың үстемдігі және адам құқықтарын қорғау, сауда-экономикалық қатынастар, Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық, соның ішінде су проблемалары, энергетика, қоршаған орта, сондай-ақ халықаралық мәселелер талқыланды.

ЕО Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуына қолдау білдірді, бұл қалған сауда кедергілерін жоюға, сондай-ақ екіжақты сауданың өсуін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Отырыс барысында аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуда және жанжалдарды болдырмаудың тиімді құралы ретінде Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың маңызы атап көрсетілді - деп хабарлады baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!