Үндістанда АҚШ вице-президенті бастаған делегацияны маймылдар жеміспен атқылаған

Фотография - Үндістанда АҚШ вице-президенті бастаған делегацияны маймылдар жеміспен атқылаған

Бір топ маймыл Нью-Делиге ресми сапармен келген АҚШ вице-президенті Джозеф Байденді құрметтеу салтанатты шара барысына кедергі келтірді, деп хабарлайды ресейдің ИТАР-ТАСС агенттігі.

2130 0

Бір топ маймыл Нью-Делиге ресми сапармен келген АҚШ вице-президенті Джозеф Байденді құрметтеу салтанатты шара барысына кедергі келтірді, деп хабарлайды ресейдің ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Ресми қонақ үндінің ұлт- азаттық қозғалысының көсемі Махатма Гандидің кесенесіне бара жатқанда осындай жайсыз оқиға орын алған. Хаттамаға сәйкес Байден әйелімен және Гандидің жиенімен суретке түсу үшін манго ағашының алдында тұрған сәтінде мұражай аумағында бір топ маймыл пайда болған», - деп көрсетілген жазбада.

Мангоның жемісін жұлып алған макакалар жиналғандарды атқылаған. Ешкімге зияны тимесе де АҚШ вице-президентінің оққағарлары мен үнді қауіпсіздік қызметі әбіргерге түскен.

Осы оқиғадан соң Үндістанға ресми сапармен келетін ресми тұлғаларды алып жүретін күзет қызметі Нью Делиде көп кезігетін маймылдардың «шабуылына» ұрынып қалмауын ойластырып алатын шығар. 

Ең қызығы макакалар сыртқы істер және қорғаныс министрлігі мен үнділердің астанасының орталығында ресми қонақтарды сапарына бірнеше рет «кедергі» жасаған екен. Өйткені оркестрдің орындауындағы қатты музыка мен қаруылдың сап түзеуі маймылдарды қызықтыратын болып шықты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!