Джулиан Ассанж «Wikileaks» деген атаумен партия құрады

Фотография - Джулиан Ассанж «Wikileaks» деген атаумен партия құрады

Британдық билік Ассанжды қолға түсіріп, Швецияға жер аударуға талпынуда.

342 0

Wikileaks-тің негізін қалаушы Джулиан Ассанж Австралия парламенті жоғары паласына биылғы жылға жоспарланған сайлауға қатысу үшін саяси партияны құрады. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Ассанж бұл жайында Лондондағы Эквадор елшілігінен бейне байланыс арқылы жариялады. Айта кетейік, ол аталған елшілікте былтырдан бері жасырынуда.

Британдық билік Ассанжды қолға түсіріп, Швецияға жер аударуға талпынуда.

Ассанждың сөзіне қарағанда, оның партиясы «Wikileaks» деп аталады, сондай-ақ Австралияның федералдық сенатына жеті кандидатты ұсынады. Партиялық тізімді ол өзі бастайды екен.


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!