«Яндекс» компаниясының негізін қалаушылардың бірі өмірден озды

Фотография - «Яндекс» компаниясының негізін қалаушылардың бірі өмірден озды

«Яндекс» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Илья Сегалович бейсенбіге қараған түні 49 жасында көз жұмды. Бұл туралы компания блогында бас директор Аркадий Волож хабарлады.

302 0

«Яндекс» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Илья Сегалович бейсенбіге қараған түні 49 жасында көз жұмды. Бұл туралы компания блогында бас директор Аркадий Волож хабарлады.

«Біз Ильямен мектеп кезінен дос болдық. 4 жыл бойы бір партада отырдық. Одан кейін Яндексті жасадық. Бүгін түнде ол өмірден озды. Барлығы жылдам әрі аяқ астынан болды, - деп хабарлады ол. – Ол мықты бағдарламашылар дайындап, үлкен бір мектептің негізін қалап үлгерді».

«Яндекстің» бас директоры Сегаловичтің неден көз жұмғанын айтқан жоқ. Ал Forbes-тің компания өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша ол асқазан қатерлі ісігімен ауырған. Ол соңғы жылдары «Яндекстің» техникалық директоры қызметін атқарған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!