Мысырлықтар алаңда Ердоғанды ұлықтады

Фотография - Мысырлықтар алаңда Ердоғанды ұлықтады

Мысырда әскердің билікке араласуына қарсы шығып жатқан халық Рабиатул Адевие алаңында Түркия премьер-министрі Ердоғанға алғыс баннерлерін көрсетті.

144 0

Мысырда әскердің билікке араласуына қарсы шығып жатқан халық Рабиатул Адевие алаңында Түркия премьер-министрі Ердоғанға алғыс баннерлерін көрсетті.

Мысырда алғаш рет жалпыхалықтық сайлаумен билікке келіп, әскери төңкеріс нәтижесінде орнынан кеткен Мұхаммед Мурсиге көрсетіп жатқан қолдауы үшін оның жақтастары Режеп Тайып Ердоғанға алғысын білдірді.

Осындай мақсаттағы шерулер қатары тек қана ел астанасында ғана емес, бұдан басқа елдің 11 қаласында өтіп жатыр. Мысыр Қорғаныс министрі Абдулфеттах Сисиге қарсы үндеулер айтылып, Мурсидің қайтадан билік басына келуін талап етіп отыр.

Халықтың осындай әрекеттеріне «Ұлттық қолдау альянсы», «Мұсылман бауырлар» ұйымдары, «Әділет және бостандық» партиясы қолдау көрсетті


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!