Air France компаниясының ұшағынан жолаушы құлап кеткен

Фотография - Air France компаниясының ұшағынан жолаушы құлап кеткен

Жолаушы тасымалдайтын ұшақ шассиі жиналатын бөлігінен құлап кеткен ер адамның кесірінен Нигер астанасы Ниамейде аялдауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Lifenews. 

291 0

Жолаушы тасымалдайтын ұшақ шассиі жиналатын бөлігінен құлап кеткен ер адамның кесірінен Нигер астанасы Ниамейде аялдауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Lifenews. 

Оқыс оқиға бейсенбі күні таңертең сағат бесте батыс Африкадағы Нигер мемлекетінің астанасы Ниамейге жақын кентте орын алған. Жергілікті тұрғынның бірі халықаралық әуежайға жақын алқаптан жансыз ер адамның денесін тапқан.

Алдын ала тергеу барысында ер адам Буркина-Фасодан Парижге баратын ұшақ аралық айлақ Нигер астанасында қонған кезде құлап кеткендігін анықтады. Ұшақ қонар кезде шассиін шығарар тұста сол бөлек орында болған ер адам қатты желден тайып жығылып, тесіктен жерге құлаған.

«Полиция оқиға орнына келіп жеткенде олар аса биіктен құлап қайтыс болған адамның денесіне тапты», - деп хабарлады Нигердің бас полицейі Абду Лабо.

Air France әуекомпаниясының ресми өкілі Кристофер Помье ұшақтағы дөңгелек тұратын бөліктен табылған киімінің жыртығы мен қанының құрамына жасалған сараптама қайтыс болған ер адамға тиесілі екендігін көрсеткендігін мәлімдеген.

Қазір ұшақ тергеу жұмысы кезінде арнайы тұраққа қойылған. Air France компаниясының өкілдері «ұшақтағы жолаушылар Парижге бүгін басқа ұшақтарға отырғызылып жіберіледі» деп уәде берген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Франция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!