Пан Ги Мун Мұхаммед Мурсиді босатуға шақырды

Фотография - Пан Ги Мун Мұхаммед Мурсиді босатуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Мысыр әскерилерін тақтан тайдырылған президент Мұхаммед Мурсиді және «Мұсылман бауырлар» қозғалысының өзге көшбасшыларын босатуға немесе олардың істерін дереу сотта қарауға шақырды

237 0

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Мысыр әскерилерін тақтан тайдырылған президент Мұхаммед Мурсиді және «Мұсылман бауырлар» қозғалысының өзге көшбасшыларын босатуға немесе олардың істерін дереу сотта қарауға шақырды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Жұма күні Мысырда Мурсидің жақтаушылары мен қарсыластарының жаппай наразылықтары өтпек.

Билікті қолға алған әскерилер зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттердің жолын кесу үшін күш қолдануға әзір екендіктерін ескертті.

«Мұсылман бауырлар» көшбасшысы Мұхаммед Бади қозғалыс жақтаушыларын Мұхаммед Мурсиге әскерилер билікті қайтарғанша наразылық білдіруге шақырып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!