Әйелін қызғанған ғалым у берген

Фотография - Әйелін қызғанған ғалым у берген

Америкалық нейробиолог Роберт Феррантеге адам өлтірді деген айып тағылды.

164 0

Америкалық нейробиолог Роберт Феррантеге адам өлтірді деген айып тағылды.

Тергеу болжамы бойынша Питтсбурск университетінің ғалымы өз әйеліне у ішкізген. Бұл туралы РосБизнесКонсалтинг жазады

Ғалымның әйелі Отомн Клейн 17 сәуір күні ауруханаға түсіп, үш күннен кейін жан тапсырды. Оның ағзасынан цианид табылған. Тергеу жұмыстары кезінде әйел ұйықтар алдында ішкен креатин сусынына у қосылғаны белгілі болды.

Аталмыш жағдай бойынша қаза тапқан әйелдің күйеуіне күдік түсті. Р. Ферранте қайғылы оқиғаға дейін 2 күн бұрын цианид сатып алып, несиелік картамен есеп айырысқан. Ол удың сатып алынуын ғылыми мақсаттармен түсіндіргенімен, ғалымның бірде-бір зерттеуіне цианидті қолдану қажетті туындамаған.

Тергеу барысында ерлі-зайыптылар арасында келіспеушіліктер орын алғаны анықталды. О. Клейн ақпан айында достарына ажырасатынын айтқан. Күйеуін қызғаныш сезімі тұмшалаған көрінеді. Бұл ғалымды әйелін өлтіруге итермелеудің басты себебі болуы ықтимал.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!