Пайғамбар мешіті қажылық маусымынан кейін кеңейтіледі

Фотография - Пайғамбар мешіті қажылық маусымынан кейін кеңейтіледі

Биыл қажылық мерзімі аяқталған соң Мәдина қаласындағы киелі орындар күрделі жөндеуден өтеді. Бұл жайында Қажылық жөніндегі министрліктің бас меңгерушісінің орынбасары Мұхаммед әл-Араби Bernama агенттігіне хабарлады.

298 0

Аталған жоба үш жылға шақталған және киелі орындарды тәу етіп келген қажылардың қамы үшін қолға алынып отыр.

Мәдина шаһарындағы Пайғамбарлар падишасының (Алланың игілігі мен сәлемі жаусын) мешітін кеңейту жоспарын Сауд Арабиясының королі мақұлдады. Егер 800 мың адамға шақталған құлшылық үйі жоспарға сәйкес кеңейтілетін болса, бір мезгілде 1,6 млн адамға дейін ғибадатын өтей алады.

Қазіргі уақытта, Мекке қаласындағы «әл-Харам» мешіті де кеңейтіліп жатыр. Сүріліп тасталған бірқатар нысанның есебінен қажылар Қағбаға тәу ететін алаң кеңейтіледі. Қазіргі кезде бір мезгілде 48 мың адам тәу етсе, алдағы уақытта оның сыйымдылығы 130 мың адамға дейін артады.

Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!