Қырғызстанда жұмыстан қуылған мемқызметкерлердің «қара тізімі» жасалады

Фотография - Қырғызстанда жұмыстан қуылған мемқызметкерлердің «қара тізімі» жасалады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жұмыстан қуылған мемлекеттік қызметкерлердің «қара тізімін» жасау туралы бастаманы мақұлдады. Жоғорғы Кеңеш 2013 жылдың 27-ші шілдесінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға енгізген тиісті толықтыруларды қабылдаған болатын.

334 0

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жұмыстан қуылған мемлекеттік қызметкерлердің «қара тізімін» жасау туралы бастаманы мақұлдады. Жоғорғы Кеңеш 2013 жылдың 27-ші шілдесінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға енгізген тиісті толықтыруларды қабылдаған болатын. Ал бүгін мемлекет басшысы аталған құжатқа қол қойды.

Заң ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Заң жобасында Қырғызстан Республикасы мемлекеттік кадр қызметі мемлекеттік қызметке сай болмай, жағымсыз әрекетке жол бергені үшін жұмыстан шығарылған адамдардың тізімдемесін жасау бекітілген. Оны құрылымдау, енгізу мен басқа да мәселелерді реттеу үкіметке жүктелді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!