Еуропада алғашқы эко-мешіт бой көтермек

Фотография - Еуропада алғашқы эко-мешіт бой көтермек

Ұлыбританияның Кембридж қаласында экологиялық талаптарға сай келетін алғашқы мешіт салынбақ.

183 0

Ұлыбританияның Кембридж қаласында экологиялық талаптарға сай келетін алғашқы мешіт салынбақ.

Академиялық мұсылмандар қауымының өкілі Тим Уинтердің айтуынша: «Ислам өркениеті қоршаған орта мен табиғатты қорғауға ерекше мән бергені анық. Сондықтан, жергілікті қалалық мұсылман қауымы да табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған заманауи бастамаларды қолдайды».

Мешіттің ішін салқындатып-жылыту үшін арнайы геотермалды жылытқыш немесе салқындатқыш сорғыштарды қолдану жоспарланбақ. Сонымен қатар, Тим Уинтер былай деп мәлімдеді: «Жаңа эко-мешітті салу үшін, біз соңғы жетістіктерге жеткен жаңа технологияны қолдандық. Қуатты үнемдейтін қондырғылар мен жасыл шатырларды орнату арқылы қоршаған ортамызға зиян келтіретін заттар бұл жерден табыла да қоймас».

Мешіттің ауласында велосипедтер қойылатын арнайы тұрақтар болады. Бұл тұрақты сауырағаштан жасалған шарбақ қоршап тұрады. Ал шарбақ кішігірім саябақпен жалғасады екен.

Мешіттің жоспары экологиялық талаптарға толықтай жауап беріп, жаңартылып отыратын табиғи қуат көзіне сүйенетіндіктен, болашақта бұл мешіт Кембридж қаласының көз тартарлық орнына айналып, Еуропа еліндегі ең алғашқы экологиялық талаптарға сай эко-мешіт бола алады деп күтілуде.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!