Египеттегі қақтығыстарда 15 адам мерт болған

Фотография - Египеттегі қақтығыстарда 15 адам мерт болған

Египетте бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді қолдаушылар мен қарсыластарының шерулері жалғасып жатыр.

215 0

Египетте бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді қолдаушылар мен қарсыластарының шерулері жалғасып жатыр.

Кейбір ақпараттар бойынша, сенбі күні таңертең Каирдің төңірегіндегі Наср қаласындағы наразылық акциясы кезінде оқ атылған. Оқиға орнына жақын орналасқан далалық госпитальдың дәрігерлері мен тілшілер кемінде 8 адам қайтыс болып, 600 адамның жараланғаны туралы айтады.

Оған дейін қарсылас екі тараптың арасында болған қақтығыстар салдарынан 7 адамның мерт болғаны хабарланған еді. Жұма күні Александрия қаласында бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған. Египеттің уақытша билігі елдегі қантөгісті тоқтату үшін пәрменді шаралар қолданатынын ескертті.

Бұған дейін Египеттің ресми ақпарат агенттігі палестиндік ХАМАС тобымен әріптестік орнатқан деген күдікпен Мурсидің 15 күнге ұсталғаны туралы хабарлаған еді.

Египетте шілденің 3-і күні әскерилер президент Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткелі бері оны жақтайтындар мен қарсыластары арасындағы қақтығыстар салдарынан ондаған адам қаза болған.


Тегтер:

мысыр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!