Үндістанда 23 баланың улануына себепкер болған мұғалім тұтқындалды

Фотография - Үндістанда 23 баланың улануына себепкер болған мұғалім тұтқындалды

Үндістан полициясы мектепте тегін тамақтанып жүрген 23 баланың улануына себепкер болған мұғалімді тұтқындады. Оқиға жаппай тәртіпсіздікке алып келді: әділеттікті талап еткен халық полиция қызметкерлерінің көліктерін өртеді, қала маңындағы тас жолдар мен темір жолдарды жауып тастады

145 0

Үндістан полициясы мектепте тегін тамақтанып жүрген 23 баланың улануына себепкер болған мұғалімді тұтқындады. Оқиға жаппай тәртіпсіздікке алып келді: әділеттікті талап еткен халық полиция қызметкерлерінің көліктерін өртеді, қала маңындағы тас жолдар мен темір жолдарды жауып тастады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Үндістанның Бихар штатында 23 бала тамақтан уланып, қаза тапқан болатын, олар мектеп қабырғасында тегін түскі аспен тамақтанып жүрген. Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша улануға тамақ құрамынан табылған монокротофос инсектициді себепкер болған. Бұл токсинді зат тамақ қалдықтарынан және ас дайындаған майдан табылған.

Балалардың өліміне себепкер деп мұғалім Манодж Кумар Чаудхари (Manoj Kumar Chaudhary) айыпталып отыр. Полиция оны Бихар штатындағы Рохтас округінде қамауға алды.

Бұдан бұрын полиция қызметкерлері оқиға орын алғаннан кейін жасырынып жүрген мектеп директорын тұтқындаған болатын. Оны іздестіру шаралары апта бойы жүргізілген. Кейбір мәліметтерге қарағанда, аспаз тамақ дайындайтын майдан мүңкіген иісті сезген, бірақ мектеп директоры оның тамақ даярлауын жалғастыруын талап еткен. Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, түскі асқа қосылған май шенеуніктің күйеуінің дүкенінен сатылып алынған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!