Түркия елшілігінде жарылыс орын алды

Фотография - Түркия елшілігінде жарылыс орын алды

Кеше Сомали астанасы Могадишо қаласындағы Түркия елшілігінде лаңкестік оқиға орын алды. Жанкешті ғимарат алдына келіп өзін жарып жіберген

227 0

Кеше Сомали астанасы Могадишо қаласындағы Түркия елшілігінде лаңкестік оқиға орын алды. Жанкешті ғимарат алдына келіп өзін жарып жіберген деп хабарлайды Agence France-Presse.

Оқиға салдарынан жанкештінің өзін санамағанда тағы екі адам көз жұмған. Ғимаратты күзетіп тұрған тағы тоғыз адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліпті. Ал, лаңкестікті өз мойнына "Әл-Шабаб" деп аталатын экстремистік ұйым алып отыр.

Жалпы лаңкестікті үш адам ұйымдастырғаны белгілі болып отыр. Оның екеуін тәртіп сақшылары жарылыс болмай тұрып атып өлтірген. Осыдан кейін үшінші лаңкес жарылғыш заты бар көлігімен елшілік ауласына кіріп, өзін жарып жіберген.

"Әл-Шабаб" ұйымы Сомали билігіне қарсы жиі лаңкестік оқиғалар ұйымдастырып отырады. Елдің біраз бөлігіне үстемдігін жүргізетін ұйым өкілдерінің басты мақсаты Сомалиде ислам мемлекетін тқұру.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!