Омбы қаласының маңында туристер мінген автобус аударылды

Фотография - Омбы қаласының маңында туристер мінген автобус аударылды

Екатеринбургтық туристер мінген автобус Окунево ауылынан шыққан. Шұңқырды айналып өтпек болған автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай жол жиегіне шығып кеткен, нәтижесінде автобус аударылған

201 0

Омбы облысында 42 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырған, деп хабарлады РБК ІІД аймақтық басқармасына сілтеме жасап.

Екатеринбургтық туристер мінген автобус Окунево ауылынан шыққан. Шұңқырды айналып өтпек болған автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай жол жиегіне шығып кеткен, нәтижесінде автобус аударылған.

Барлық 42 жолаушы тексерістен өтуге ауруханаға жеткізілді, алғашқы мәліметтер бойынша, 18 жолаушы ауруханаға жатқызылған.

Жұма күні Иркутск облысында Братск қаласы маңында жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысқанын естеріңізге сала кетейік. Оқиға салдарынан автокөлік жүргізушісі көз жұмды .

Бұған ұқсас жол-көлік оқиғасы Алтай өлкесінде де орын алды. Жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысуы салдарынан 5 жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!