Мексикада наркомафия туралы әндер үшін жаза күшейтілді

Фотография - Мексикада наркомафия туралы әндер үшін жаза күшейтілді

Мексиканың солтүстігіндегі Чиуауа қаласының басшылығы наркомафия туралы әндерге айыппұл көлемін өсірді.

223 0

Мексиканың солтүстігіндегі Чиуауа қаласының басшылығы наркомафия туралы әндерге айыппұл көлемін өсірді.

Енді заңбұзушылық үшін 25 мың песоның орнына айыпкерлер 100 мың песо (8 мың доллар) айыпппұл төлейтін болды. Сонымен қоса қала басшылығы мұндай әндерді орындауға әуес музыкалық топтардың репертуарын тексеріп отырмақ.

Алайда мұндай шаралар орындаушыларды алаңдатпайды, өйткені олардың концерттерінде бір стөлге отыру 10 песоны құрайды. Оның үстіне елде есірткімен айналысатындарды әспеттейтін әндер елде өте әйгілі.

Ел билігі мұндай шаралар тиым салынған әндердің орындалуын азайтып, жастар арасындағы есірткімен күресте демеу болады деп есептейді.

Есірткі мафиясы туралы әндерге үлкен айыппұл елдің солтстік-батысындағы Синалоа штатында да енгізілді.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!