Ресейде екі мың сайт бұғауланды

Фотография - Ресейде екі мың сайт бұғауланды

Ресейлік "Роспотребнадзор" мекемесі балалардың өз-өзіне қол жұмсауы жайында тыйым салынған ақпараттарды таратады деген себеппен екі мыңнан астам сайтты бұғаулады.

199 0

Ресейлік "Роспотребнадзор" мекемесі балалардың өз-өзіне қол жұмсауы жайында тыйым салынған ақпараттарды таратады деген себеппен екі мыңнан астам сайтты бұғаулады.

"Роспотребнадзордың" хабарлауынша, сайттар "азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың арыз-шағымдары негізінде" бұғауланған.

Наурыз айында "Роспотребнадзор" басшысы Геннадий Онищенко Ресей Еуропада өз-өзіне қол жұмсаған кәмелетке толмағандардың саны жөнінен бірінші орында тұрғанын және балалар арасында суицидтен құрбан болғандардың көбейіп бара жатқанын мәлімдеген.

Жуықта Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі президенттік кеңесінің басшысы Михаил Федотов былтыр қабылданған балаларды зиянды ақпараттардан қорғау туралы заң өз мақсатында қолданылмай жатыр деген. Оның айтуынша, "балаларды қорғау" деген себеппен үлкендердің де құқықтары шектеліп жатыр.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!