Гомосексуалдарды айыптауға болмайды

Фотография - Гомосексуалдарды айыптауға болмайды

Рим Папасы Франциск гомосексуалдарды айыптауға болмайтынын және олардың маргиналды топқа айналмауы тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы Франциск дүйсенбіде Бразилияға сапарынан қайтып келе жатқанда ұшақта журналистермен әңгімесінде айтты

200 0


Рим Папасы Франциск гомосексуалдарды айыптауға болмайтынын және олардың маргиналды топқа айналмауы тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы Франциск дүйсенбіде Бразилияға сапарынан қайтып келе жатқанда ұшақта журналистермен әңгімесінде айтты.

"Егер гей Құдайға жақындағысы келсе, оны айыптайтындай мен кіммін?" деді ол. Рим Папасының айтуынша, гомосексуалдарды қоғамға кіріктіру қажет.

Бірақ Рим Папасы католик шіркеуінің догмаларына сүйеніп, гомосексуализмнің күнә болып саналмайтынын, бірақ біржыныстылардың жыныстық қатынасқа түсуі күнәлі іске жататынын ескертті.

Франциск католик шіркеуі әйелдерге діни атақ беруге үзілді-кесілді тыйым салатынын, солай болса да әйелдерге шіркеудегі басшылық қызмет пен діни істерде өкілеттіктері кеңеюі тиіс екенін айтты - деп хабарлады azattyq.org

Рим Папасы бір апта Бразилияға сапарлап, дүниежүзілік жас католиктер фестивалінің құрметіне Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағажайында үлкен діни құлшылық өткізіп қайтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!