Израиль-Палестина келіссөздері басталды

Фотография - Израиль-Палестина келіссөздері басталды

Израиль жағынан келіссөздерді жүргізуші, Израиль әділет министрі Ципи Ливни мен Палестина жағынан Саиб Арикат, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри келіссөздерді бастау үшін дүйсенбі күні кешке Вашингтонда мемлекеттік департамент кеңсесінде мұсылмандардың ауызашар дастарханына жиналды.

192 0

Израиль мен Палестина үш жылдан бері бірінші рет келіссөздерді қайта бастады.

Израиль жағынан келіссөздерді жүргізуші, Израиль әділет министрі Ципи Ливни мен Палестина жағынан Саиб Арикат, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри келіссөздерді бастау үшін дүйсенбі күні кешке Вашингтонда мемлекеттік департамент кеңсесінде мұсылмандардың ауызашар дастарханына жиналды.

Әзірге келіссөзге қатысушы тараптардың ешқайсысы кездесу туралы ештеңе деген жоқ. Ливнидің айтуынша, Керри "келіссөздер табысты болуы үшін кездесуде не айтылғаны туралы әзірге хабарламай қоя тұрғанды жөн көрген".

Кездесуге Керри келіссөздердегі АҚШ-тың арнайы өкілі ретінде тағайындаған Мартин Индик те қатысты.

Джон Керри бүгін осы кездесуге байланысты мәлімдеме жасамақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!