BMW алғашқы сериялық электромобильдің тұсауын кесті

Фотография - BMW алғашқы сериялық электромобильдің тұсауын кесті

Немістер бұған дейін берген уәделерін орындап, жаңа і3 маркасын әлемнің ірі үш қаласында: Нью-Йорк, Лондон және Бежіңде таныстырды

223 0

Немістер бұған дейін берген уәделерін орындап, жаңа і3 маркасын әлемнің ірі үш қаласында: Нью-Йорк, Лондон және Бежіңде таныстырды.

Жаңа концерннің сатылымына байланысты қандай да бір мәселелерге малтығып қалмас үшін BMW алдын-ала сақтанып, супер-акция жасауды жоспарға алған. і3-ті алушы әрбір тұтынушыға бензинді моторы бар кроссовер қоса беріледі. Дегенмен, оны біржолата бермейтін көрінеді. Өз кезегінде бұл мүмкіндік электромобильді қолдану қолайсыз болған жағдайда ғана қарастырылған.

Тағы бір атап өтер жағдай, жаңа марка соны ақпараттық технологиялармен толықтай жабдықталған. Яғни, оның иегері қоршаған ортамен заманауи құрылғылар арқылы байланыс орнатады.

Мамандардың пікірінше, аталған жаңа көліктің болашақ әлеуетті тұтынушылары ірі қалаларда тұрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!