Пәкістан парламенті президент сайлауын бастады

Фотография - Пәкістан парламенті президент сайлауын бастады

Пәкістан парламенті елдің келесі президентін сайлауға дауыс бере бастады

220 0


Пәкістан парламенті елдің келесі президентін сайлауға дауыс бере бастады.

Бұл мемлекетте президентті Ұлттық парламент пен төрт провинциялық ассамблеяның 1000-нан астам депутаты сайлайды.

Пәкістан телеарналары төрт провинцияда ассамблея депутаттарының дауыс беріп тұрған сәтінен хабарлар таратып жатыр.

Премьер-министр Наваз Шарифтің Мұсылман лигасы партиясының атынан үміткер Мамнун Хуссейн, ұлттық парламентте көпшілік орынға осы партия ие болғандықтан, президент болып сайлануы мүмкін деген болжам бар.

Қазіргі президент Асиф Али Зардаридің бес жылдық өкілеті алдағы қыркүйек айында аяқталады. Зардаридің Пәкістан халықтық партиясы жоғарғы соттың өткен аптада президент сайлауын бір апта ерте өткізу туралы шешіміне қарсылық танытқан. Партия президент сайлауына байкот жариялап, өз кандидатын қайтарып алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!