Испанияда пойыз апатқа ұшыраған сәтте машинист телефонмен сөйлесіп жатқан

Фотография - Испанияда пойыз апатқа ұшыраған сәтте машинист телефонмен сөйлесіп жатқан

Хосе Гарсон Амо пойыз рельстен шығып кетер алдында телефон арқылы Renfe мемлекеттік теміржол компаниясының қызметкерлерімен тілдескен.

131 0

 Бір апта бұрын Испанияда пойыз апатқа ұшыраған сәтте машинист телефонмен сөйлесіп жатқан.

Хосе Гарсон Амо пойыз рельстен шығып кетер алдында телефон арқылы Renfe мемлекеттік теміржол компаниясының қызметкерлерімен тілдескен.

«Апатқа дейін бірнеше минут бұрын машиниске Феррольға дейінгі бағыттың бүге-шігесін түсіндіру үшін жұмыс телефонымен хабарласқан. Олардың әңгімесі мен естілетін дыбыстар машинистің картаға немесе басқа қағаз құжатқа қарағанын көрсетеді», - делінген тергеушілердің хабарламасында.

Соңғы мәліметтер бойынша машинист апат алдында тежегішті басып үлгерген. Нәтижесінде пойыздың жылдамдығы сағатына 192 шақырымнан 153-ке дейін азайған. Дей тұрғанмен апат орын алған учаскеде рұқсат етілген жылдамдық (сағатына 80 шақырым) екі есе асырылған.

Бұған дейін испандық БАҚ мәлім еткендей, бір жыл бұрын Ф.Амо өзінің Facebook-тағы парақшасына пойызды жылдамдықты асырып басқаратынын жазып, дәлел ретінде спидометрдің суреттерін салған.

Ф.Амо екі күн бұрын кепілге босатылды. Машист ойластырылмаған адам өлімінде күдіктелуде. Әзірге оған ресми түрде айып тағылған жоқ. Оның паспорты мен жүргізуші куәлігін сот тәркіледі. Ф. Амо Испания аумағынан кете алмайды және аптасына бір рет сотқа келуі тиіс.

Еске сала кетейік, апат 24 шілде күні мәскеу уақытымен сағат 22.40-та орын алған. Мадридтен Ферроль қаласына бет алған Alvia жүрдек жолаушылар пойызы Сантьяго-де-Компостела қаласына жақындаған кезде шұғыл бұрылыста рельстерден шығып кетті. Апат салдарынан 79 адам ажал құшты.


Тегтер:

Испания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!