Бразилиялық миллиардер байлығының 99 пайызын жоғалтты

Фотография - Бразилиялық миллиардер байлығының 99 пайызын жоғалтты

Инвесторлардың Батиста компаниясының акцияларынан көңілі қалды, өйткені бизнес діттеген көрсеткіштеріне қол жеткізе алмады

138 0

Бразилияның өнеркәсіп магнаты Эйке Батиста байлығының түгелге дерлігінен айырылып, іс жүзінде миллиардер мәртебесін жоғалтты.

vestifinance.ru хабарлағанындай, 2012 жылы Батистаның дәулеті 34,5 млрд. долларға бағаланып, Бразилияның ең бай адамы атанды әрі Forbes және Bloomberg Billionaire Index тізімінде жетінші орында тұрды. Алайда 2013 жылдың шілдесінде Bloomberg Billionaire Index бразилиялықтың дәулетін 200 млн. долларға бағалады.

Батиста 1983 жылы EBX компаниясының негізін қалады. 2000 жылдардың басында ол бизнесін кеңейтті, сөйтіп EBX-тің MMX (металлургия), MPX (энергетика), LLX (логистика), OGX (мұнай), OSX (аса ауыр контейнер тасушылардың құрылысы) және басқа да еншілес компаниялары құрылды. Одан кейін компания акциялары қор нарығына аса сәтсіз уақытта орналастырылды. Сарапшылардың көпшілігі бұл қадамды қатерлі деп атады. Бразилиядағы және әлемдегі макроэкономикалық жағдайдың нашарлауына, сондай-ақ шикізат бағасының төмендеуіне әрі инвесторлардың дамушы нарықтан жаппай кетуіне байланысты, Батистаның компаниясы банкроттықтың шегінде тұрды.

Инвесторлардың Батиста компаниясының акцияларынан көңілі қалды, өйткені бизнес діттеген көрсеткіштеріне қол жеткізе алмады. Нәтижесінде EBX тобындағы компаниялар капиталынан да, сенімнен де айырылды, оған қоса миллиардтаған доллар қарыз алды. Ал Батиста болса, жуырда әлемдегі ең дәулетті адам болатынын айтқан еді. Кейбіреулер Батистаның күйреуін 2000 жылдың басындағы жағдаймен салыстырады. Ол кезде жапон Масаёси Сон жоғары технологиялық сектор құлдырап жатқан кезде, түрлі бағалаулар бойынша әртүрлі компанияларда инвестиция түрінде 70 млрд. долларға жуық қаржысын жоғалтты. Алайда Сон бұл соққыға төзе алды, бүгінде ең бай үш жапонның бірі. Қазіргі таңда оның байлығы - 9,1 млрд. доллар. Алайда көпшілік бразилиялық алпауыттың осыншама шығыннан кейін ес жия алатынына күмәнмен қарайды.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!