Иран 2014 жылдың ортасына қарай атом бомбасын жасап шығара алады

Фотография - Иран 2014 жылдың ортасына қарай атом бомбасын жасап шығара алады

2014 жылдың ортасына қарай Иранда ядролық қару шығару үшін қажетті уран мөлшері жиналады

153 0

2014 жылдың ортасына қарай Иранда ядролық қару шығару үшін қажетті уран мөлшері жиналады, деп хабарлады РОСБАЛТ агенттігі америкалық Ғылым және халықаралық қауіпсіздік институтының (ҒХҚИ) баяндамасына сілтеме жасай отырып.

Баяндамада айтылғандай, бұған «Натанц» және «Фордо» ядролық нысандарына уранды байытуға арналған мыңдаған центрифуганы орнату арқылы қол жеткізуге болады. Бұндай оқиғаға жол бермес үшін ҒХҚИ МАГАТЭ-ге кем дегенде аптасына екі рет центрифугалары бар иран нысандарының инспекцияларын жиілетуді ұсынды. Батыс елдері бұрыннан бері Иранның ядролық бағдарламасына ядролық қаруды әзірлеудегі күдіктеріне байланысты мазасыздануда.

АҚШ қауіпсіздік министрлігінің мәліметтері бойынша, ирандықтар зымыран және ғарыш бағдарламасын белсенді түрде дамытуда.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!