Каддафи ұшағын сату ісі қарастырылған сотта Сауд Арабиясының ханзадасы жеңілді

Фотография - Каддафи ұшағын сату ісі қарастырылған сотта Сауд Арабиясының ханзадасы жеңілді

Ұлыбританияда өткен сотта әлемдегі бай адамдардың бірі, Сауд Арабиясының ханзадасы әл-Валид Бин Талал Ливияның бұрынғы көшбасшысы Муаммар Каддафиге әуе кемесін сату ісі бойынша  жеңілді

168 0

Ұлыбританияда өткен сотта әлемдегі бай адамдардың бірі, Сауд Арабиясының ханзадасы әл-Валид Бин Талал Ливияның бұрынғы көшбасшысы Муаммар Каддафиге әуе кемесін сату ісі бойынша  жеңілді.

Бұл туралы Би-Би-Си жазады.

Иорданиялық бизнесмен әйел Даад Шараб, «ханзада келіссөздердегі көмегі үшін 10 млн. АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлемеді» деп сотқа арызданған. Болжам бойынша өтемақы туралы келісім Лондондағы мейрамханалардың бірінде жасалған.

Ішінде екі адамға арналған кереуеті, теріден жасалған диваны, джакузийі бар Airbus A340 ұшағы 2003 жылы ливиялық көшбасшыға 120 млн. АҚШ долларына сатылған болатын.

Судья ханзаданың сөйлеген сөзін «аянышты» және «шым-шытырық» деп ретінде бағалады. Сауд Арабиясы королінің жиені Бин Талал сот шешіміне шағымдануға ниетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!