Сноуденнің әкесі Ресейге баруы мүмкін

Фотография - Сноуденнің әкесі Ресейге баруы мүмкін

АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуденнің әкесі бірнеше апта бұрын Ресейдің Федералдық тергеу бюросы өзін Мәскеуге келуді сұрағанын мәлімдеді

135 0


АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуденнің әкесі бірнеше апта бұрын Ресейдің Федералдық тергеу бюросы өзін Мәскеуге келуді сұрағанын мәлімдеді. Ресейлік "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Лони Сноуден Мәскеуге баруға дайын екенін, бірақ бармастан бұрын әуелі федералдық тергеу бюросы өзінен не сұрамақ екенін білгісі келетінін айтты.

АҚШ-та Эдвард Сноуденге америка арнайы қызметінің азаматтардың интернеттегі жазбалары мен телефон байланыстарына тыңшылық жасау құпиясын әшкерелегені үшін айып тағылып, іс қозғалған. Ол Мәскеуге 23 маусымда Гонконгтен ұшып барған. Содан бері Мәскеудің Шереметьево әуежайында тұрып келеді.

Лони Сноуден АҚШ-та "әділетті сот болады дегенге сенбейтінін" айтып, ұлының Ресейде қала бергені дұрыс дейді. Ол Ресей президенті Владимир Путинге "ұлының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін" алғыс білдірді.

Эдвард Сноуденге көмек көрсетіп жүрген адвокат Анатолий Кучерена Лони Сноуденнің Ресейге сапарын ұйымдастыратынын хабарлады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!